420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық сарапшы Головкиннің жаттығуына тамсанды

  • 353
  • UPD: 12:34, 06.07.2020
Америкалық сарапшы Головкиннің жаттығуына тамсанды

Америкалық talkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бабына өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше GGG жаттығуларының видеосын жариялаған. Мұны көрген америкалық журналист боксшыға тамсанды.

«Геннадий Головкин 38 жасында да машина сияқты», - деп жазыпты Бенсон твиттер желісінде.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін күзде АҚШ-та өткізеді. Ол IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы