427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰХЛ маусымы қашан жалғасатыны белгілі болды

  • 345
  • UPD: 10:00, 07.07.2020
ҰХЛ маусымы қашан жалғасатыны белгілі болды

Ұлттық хоккей лигасы мен ойыншылар одағы 2019/2020 жылғы маусымның қашан жанданатынын хабарлады, деп жазды prosports.kz.

Командалардың қазірден бастап жаттығу лагерін ашып, маусымға дайындықты бастауларына болады. Ал 26 шілде күні Стэнли Кубогының плей-офф матчтары өтетін қалаларға аттанады.

Плей-оффтың алғашқы ойындары 1 тамыз күні өтеді. Сериялар үш жеңіске дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы