418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңіне өзгеріс енгізілді

  • 149
  • UPD: 10:50, 07.07.2020
Спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңіне өзгеріс енгізілді ҚР ҰОК

Коронавирус пандемиясының кесірінен Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары кейінге шегерілгендіктен, спорт түрлерінен жарыс кестелеріне өзгерістер енгізілді. 

Осыған орай Хлықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылға жоспарланған әлем кубогінің кезеңдерінің кестесін қарап шықты. Нәтижесінде, спорттық гимнастикадан жеке снарядтағы жаттығу бойынша әлем кубогінің кезеңі жаңартылды. 

Атап айтқанда, Дохада 18-21 наурызда өтуі тиіс дода биылдың 3-6 маусымына шегерілген болатын. Жаңартылған күнтізбеге сәйкес Катар астанасы аталған жарысты 2021 жылдың 10-13 наурыз күндері өткізетін болды.

Хабар 24 телеарнасы