418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин: AТР теннисшілердің ұпайы қалай есептелетінін түсіндірді

  • 130
  • UPD: 14:30, 07.07.2020
Карантин: AТР теннисшілердің ұпайы қалай есептелетінін түсіндірді UA-Football

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТР) коронавирустық пандемияға байланысты наурызда тоқтаған биылғы маусым қайта басталғаннан кейін рейтингтік ұпайларды жинау ережелері туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Теннисшілер рейтингі 16 наурызда тоқтатылған болатын. AТР ойыншылардан ұпайларды 2020 жылдың соңына дейін алмау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар маусым басталғаннан кейін күнтізбе бойынша өтетін турнирлер өткен жылмен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетсе, теннисшілер ұпай жинай алады.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының мәліметі бойынша, аралық рейтинг жүйесі барлық теннисшілерге, соның ішінде денсаулығына немесе қауіпсіздігіне байланысты 2020 жылы турнирлерге қатысудан бас тартқандарға әділеттілікті сақтау нәтижесінде қарастырылған. 

Хабар 24 телеарнасы