422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өмір таңғажайыптарға толы. Бауыржан Исламхан арманы туралы айтты

  • 408
  • UPD: 16:20, 09.07.2020
Өмір таңғажайыптарға толы. Бауыржан Исламхан арманы туралы айтты sports.kz

Бауыржан Исламхан өзінің арманымен бөлісті.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан журналист Алуа Хасеноваға берген сұхбатында Еуропаның қай чемпионатында ойнауды армандағанын және өзінің арманының жүзеге асуына жақын қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің арманым – Испанияға кету. Онда техникалық футбол қатты дамыған. Ол жерде менің кумирім Андрес Иньеста ойнады. Мен сол үшін Испанияға барғым келді. Бұл менің арманым болды, шынымды айтайын. Менің ойымша, арманымның орындалуына аз қалды. Мүмкін, шынымен болып кетер, кім біледі? Өмір таңғажайып жайттарға толы», - деді футболшы.

Еске салайық, осы жылдың басында Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінде «Әл Айн» клубының құрамында ойнап, 10 матчта алаңға шығып, бір гол соқты және үш пас берді. 1 шілдеде Исламхан еркін агент атанды. Жоспарлары туралы толығымен айтқан Бауыржан Қазақстан чемпионатына оралмайтындығын мойындады.

Хабар 24 телеарнасы