418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабибтің бапкері файтердің шаршы алаңға оралуына байланысты пікір білдірді

  • 150
  • UPD: 16:44, 09.07.2020
Хабибтің бапкері файтердің шаршы алаңға оралуына байланысты пікір білдірді Fightnews.info

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің АҚШ-тағы бапкері Хавьер Мендес файтердің әкесі көз жұмғаннан кейінгі шаршы алаңға оралуына қатысты пікір білдірді.

Маманның сөзін Twitter MMA on SiriusXM жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бұл жағдай қыркүйектегі жекпе-жекке қалай әсер етерін де білмеймін, өйткені байқұс жігіттің басында не болып жатқанынан бейхабармын. Алайда не істесе де, мен оны қолдаймын. Жұдырықтасқысы келсе, қасындамын, келмесе де. Карьерасын аяқтайтын болып шешсе де, мен оның жағындамын», - дейді Мендес.

Сонымен қоса, бапкер Нурмагомедов әкесінің ізін басқысы келтінін де атап өтті.

«Хабиб ағайынды інісін жаттықтыруға көмектескен, Исламды және басқа да болашақ жұлдыздарды», - дейді маман.

Хабар 24 телеарнасы