418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабибтің інісі UFC-дегі жекпе-жегінен бас тартты

  • 206
  • UPD: 14:10, 10.07.2020
Хабибтің інісі UFC-дегі жекпе-жегінен бас тартты fighttime.ru

Жеңіл салмақтағы UFC ұйымының чемпионы, Хабиб Нурмагомедовтің немерелес інісі Умар Нурмагомедов UFC-дегі бірінші жекпе-жегінен бас тартты.

Оған Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болу себеп болған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Умар Нурмагомедов 25 шілде күні Абу-Даби қаласындағы «Жауынгерлер аралында» жекпе-жек өткізуі керек болатын. UFC басшылары оның орнын басатын спортшыны тауып қойған. Енді дағыстандық спортшының орнына Натаниэль Вудпен Джон Кастанеда шығады.

Еске салайық, Умар Нурмагомедовтің UFC ұйымындағы дебюті осымен екінші рет шегеріліп отыр. Бірінші рет ол UFC 249 турнирінде шығуы керек еді. Алайда, ол коронавирус пандемиясына байланысты Ресей аумағынан шыға алмай қалды.

Айта кетейік, «Жауынгерлер аралында» отандасымыз Жалғас Жұмағұлов бірінші кездесуін өткізеді. Ол кездесу 11 шілдеден 12 шілдеге ауысқан түні болады.

Хабар 24 телеарнасы