418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бұдан да мықты болып ораламыз»: Жұмағұлов UFC-дегі жеңілісі туралы пікір білдірді

  • 196
«Бұдан да мықты болып ораламыз»: Жұмағұлов UFC-дегі жеңілісі туралы пікір білдірді prosports.kz

Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 251 турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңілсі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Сондай-ақ ол қолдау көрсетіп жанкүйер болған отандастарына рақмет айтып, алдағы уақытта жанкүйерлерін қуантатынын айтты.

Еске салайық, Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайвамен кездесіп, төрешілердің күмәнді шешімі бойынша жеңілді. Оның UFC ұйымындағы бірінші кездесуі Абу-Даби қаласындағы «Жауынгерлер аралында» өтті.

«Ассалаумағалейкум барлығыңызға, қолдап көрсетіп, жанкүйер болғандарыңызға рақмет. Ештеңе етпейді. Бұдан да мықты болып ораламыз. Мұндай қиын сәтті бүгін елімді қуанта алмадым. Бірақ алдағы уақытта қуантамын. Барлығыңзға рақмет», - деді Жұмағұлов. 

Хабар 24 телеарнасы