424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Афина марафоны қарашада өтеді

  • 489
  • UPD: 16:42, 12.07.2020
Афина марафоны қарашада өтеді letsportpeople.com

Афина марафоны мен жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра биыл жоспарланған уақыттан кеш ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Марафон 8 қарашада өтеді. Ал жартылай марафон 20 қарашаға жоспарланған. Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, үкіметі 5000 қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 5000, екінші кезеңіне 5000 қатысушыдан жіберіледі. Биылғы марафонға әлемнің үздік атақты жүгірушілері шақырылмайды. Сондай-ақ, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты іс-шаралары мен гала кештер ұйымдастырылмайды.

Хабар 24 телеарнасы