418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» жеңістер сериясын жалғастырды

  • 119
«Реал» жеңістер сериясын жалғастырды

Мадридтік клуб сырта алаңда «Гранада» футболшыларымен жолығып, 1:2 есебімен ұтты.

Алғашқы голды қонақтар сапындағы менди соқты. Бірнеше минуттан кейін Бензема мүмкіндікті мүлт жібермей, таблодағы есепті еселей түсті. Ал алаң иелері сапынан мачис мергендігімен көзге түсті. Осылайша «Реал» турнир тізіміндегі бірінші орынын сақтап қалды. Ал «Гранада» 10-орында. Испания чемпионатының келесі, яғни 37-туры 16 шілдеде өтеді.

«Интер» үздіктер қатарына қосылды

Италия чемпионатында «Интер» турнир тізімінің 2-сатысына көтерілді. Миландық клуб өз алаңында «Торино» футболшыларын қабылдаған. Қонақтар матч басында есеп ашты. Ал «Милан» сапынан Эшли Янг, Диего Годин және Лаутаро Мартинестер гол соғып, қорытынды есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша миландық клуб 68 ұпайы жинап үлгерді. Турнир тізімінің ең басында «Ювентус» тұр. Туриндік команда еншісінде 76 ұпай бар.

Жанкүйерлер матчты стадионда тамашалай алды

Германияда коронавирус пандемия басталғалы бері алғаш рет спорттық шараға көрермендер қатысты. Алайда жанкүйерлер саны шектеліп, күніне тек 800 билет ғана сатылымға шығарылған. Сонымен қатар стадионда жаңа ережелер енгізіліп отыр. Атап айтқанда, кіреберісте міндетті түрде келушілердің дене қызуы өлшенеді. Ал маска тақпағандарға ғимаратқа кіруге рұқсат жоқ. 1,5 метрлік әлеуметтік арақашықтық та сақталуы тиіс. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мұндай талаптар індеттің беті қайтқанша сақталады. Айта кетейік, бұл – Германияда көрермендердің қатысуымен өткен алғашқы матч. Елде қазанның соңына дейін қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Юлия Гергес, теннисші:

– Әрине, көрермен болса ойын қызады. Олар бізге эмоция, керемет көңіл-күй сылайды. Жанкүйерлердің қолдауы – біз шін үлкен қуаныш. Рас, енді бәрі бұрынғыдай болмайды. Бірақ адамдардың спорттық шараларға келе бастауы – жақсылықтың нышаны деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы