421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шарипова жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды

  • 279
  • UPD: 15:24, 14.07.2020
Шарипова жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) жекпе-жек өткізу үшін Қазан қаласына барды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Достар! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолданған ашық хаттың арқасында Қазан қаласына келіп, жаттығуға және жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алдым. Қазір Ресейде тұрмын!

Келесі жекпе-жегімнің өтетін күнін білемін. Бірақ келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ: әзірге тек ауызша келісім бар. Кездесудің қашан болатынын жақын арада хабарлаймын. Мүмкін осы айда, шілдеде өткізетін шығармыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты жақын арада жариялаймын», - деп жазды Фируза.

Хабар 24 телеарнасы