418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ISU Қытайдағы Гран-при турнирі уақытында өтетінін хабарлады

  • 170
  • UPD: 17:16, 14.07.2020
ISU Қытайдағы Гран-при турнирі уақытында өтетінін хабарлады RT

Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағы (ISU) қараша айында Қытайда жоспарланған Гран-при кезеңінің нақты уақытында өтетінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

Жоспар бойынша, 6-8 қараша күндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі өтуі тиіс болатын. Алайда, Қытайдың басты спорт басқармасы коронавирусқа байланысты елде 2020 жылдың соңына дейін ешқандай спорттық іс-шаралар өтпейтінін мәлімдеді.

Осыдан соң, ISU мамандары Қытай Ұлттық олимпиадалық комитетімен байланысқа шығып, аталған турнир Бейжіңдегі Олимпиада ойындары қарсаңындағы сынақ турнирлердің бірі екенін жеткізген. Кейін Қытай тарапы мәнерлеп сырғанаудан Cup of Ghina бәсекесінің уақытында өтетінін хабарлады.

Қытай спорт басқармасының жыл соңына дейін жарыстар өткізбеу туралы шешімі олимпиада қарсаңындағы сынақ турнирлеріне әсер етпейді.

Хабар 24 телеарнасы