421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселона» әлем чемпионын басқа ойыншыға айырбастамақ

  • 245
  • UPD: 14:59, 15.07.2020
«Барселона» әлем чемпионын басқа ойыншыға айырбастамақ

Франциялық қорғаушы Самуэль Юмтити жазғы трансферлік кезеңде «Барселонадан» кетеді, деп хабарлады vesti.kz.

Каталониялық клуб 26 жастағы қорғаушымен қоштасуға дайын. Оның орнына клуб басқа ойыншы сатып алуға ниетті. Ал Франция құрамасының қорғаушысына «Наполи», «Лацио», «Рома» және «Торино» клубтары қызығышылық танытып отыр. 

Сондай-ақ Юмтитиді миландық «Интер» де сатып алғысы келген. «Барселона» басшылары болса оны Лаутаро Мартинеске алмастырып, үстінен ақша беруге дайын екен. 

Юмтити «Барселонаға» 2016 жылы «Лионнан» ауысып келді. Биылғы маусымда ол жарақатына байланысты көп ойынға қатысқан жоқ. Жалпы биыл 18 матчте бой көрсетті. Оның келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. 

Айта кетейік, қорғаушы 2018 жылы Франция құрамасымен бірге Ресейде өткен әлем чемпионатында топ жарды. 

Хабар 24 телеарнасы