426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Исламхан карьерасын жалғастыратын клуб аталды

  • 793
  • UPD: 16:31, 15.07.2020
Бауыржан Исламхан карьерасын жалғастыратын клуб аталды Prosports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны арабиялық «Әл-Айн» клубымен келісімшартын ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа келісімшарт ұзақ мерзімге жасалмақ. Қазақстандық жартылай қорғаушы карьерасын Ресейде жалғастырмақ еді, алайда РПЛ клубтары маусым аяғын күтіп отыр. Футболшы алу мәселесін осыдан кейін ғана қарастыра алады.

Алдағы күні «Әл-Айн» Исламханмен келісімшарт туралы ресми хабарлайды.

Еске салайық, мұның алдында 27 жастағы футболшы «Әл-Айн» үшін он матчта бір гол салған. Ал осы айдың ортасында арабиялық клуб келесі маусымға дайындығын бастайды.

Хабар 24 телеарнасы