417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші халықаралық көрме турнирінде екі рет жеңіске жетті

  • 173
  • UPD: 09:52, 16.07.2020
Қазақстандық теннисші халықаралық көрме турнирінде екі рет жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин халықаралық көрме турнирлеріне қатысып жатыр, деп хабарлады Prosports.kz.

15 шілдеде Ломакин екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы ойында қазақстандық спортшы үш сетте Ұлыбритания өкілі Митчелл Джонсонды 3:6, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.

Екінші кездесуде Григорий америкалық теннисші Себастьян Мурильоны сенімді түрде жеңді – 6:2, 6:2.

ATP рейтингісінде Ломакин 879-орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы