426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биатлон. IBU суперспринтті әлем кубогінің финалдық кезеңінен алып тастады

  • 203
Биатлон. IBU суперспринтті әлем кубогінің финалдық кезеңінен алып тастады

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) келесі жылы өтетін әлем кубогінің финалдық бағдарламасынан суперспринтті алып тастады. 

Суперспринттің алғашқы жеңімпаздары 2021 жылдың наурызында анықталуы тиіс болатын. Алайда IBU техникалық комитеті мен IBU спортшылар комитеті ақылдаса келіп, «суперспринт форматына біраз өзгеріс енгізу қажет» деп шешкен.

«Кубоктік кезеңге қоспас бұрын бізге бұл бағдарламаны әлі біраз сынап көру керек», - дейді IBU өкілдері. Осылайша финалдық кезеңде спринтерлік жарыстар мен масс-старт және пасьют өткізіледі.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы