423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХОК Токио олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

  • 257
  • UPD: 20:51, 17.07.2020
ХОК Токио олимпиадасының жарыс кестесін бекітті olympic.kz

Халықаралық олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті.

Бұл туралы ХОК-тың Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді. Сондай-ақ ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі, деп жазады ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Айта кетелік, Токио олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Наурыз айының аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы