427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1998 жылғы әлем чемпионы «Барселонаның» бас бапкері атануы мүмкін

  • 381
1998 жылғы әлем чемпионы «Барселонаның» бас бапкері атануы мүмкін prosports.kz

Кике Сетьен қызметінен босатылған жағдайда «Барселонаның» бас бапкеріне екінші үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prospors.kz.

Бұған дейін екінші команданың бапкері Хавьер Гарсия Пимьента каталониялық клубты баптауы мүмкін екені айтылған.

Алайда, қазір клуб басшылығы басқа үміткерді қарастырып жатыр. Mundo Deportivo ақпараты бойынша, негізгі үміткер Лоран Блан болуы ғажап емес.

Айта кету керек, Блан 1996 жылдан 1997 жылға дейін «Блаугранада» ойнаған. Алайда ол 2016 жылы ПСЖ-дан кеткеннен бері жұмыссыз жүр.

Хабар 24 телеарнасы