423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триатлоннан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі белгіленді

  • 229
  • UPD: 17:01, 20.07.2020
Триатлоннан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі белгіленді

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастру комитеті 2021 жылғы доданың жарыс кестесін бекіткен болатын.

Триатлоншылар додасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан кейін үш күннен соң басталады. 2021 жылдың 26 шілдесі күні Токио уақытымен таңғы сағат 06:30-да ерлер арасындағы бәсеке бастау алады, деп хабарлады olympic.kz.

Әйелдер 27 шілде күні жарыс жолына шығады. Ал тұңғыш рет өткізілетін аралас эстафета 31 шілдеге жоспарланған. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасының жарыс кестесі кейбір ұйымдастыру ісіне байланысты аздаған өзгеріске ұшырады. 

Хабар 24 телеарнасы