loader

Тарихта тұңғыш рет: биыл «Алтын доп» ешкімге берілмейді Egemen.kz

Тарихта тұңғыш рет: биыл «Алтын доп» ешкімге берілмейді

France Football журналы 2020 жылы «Алтын доп» сыйлығы берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы себеп болып отыр. Індеттің салдарынан көптеген елде футбол матчтары қалыпты жағдайда өткен жоқ, кей елде маусым мерзімінен бұрын аяқталды. Осындай ерекше жағдайға байланысты «Алтын доп-2020» жүлдесі ешкімге берілмейді.

Айта кетейік, сыйлық 1956 жылдан бастап дәстүрлі түрде беріліп келе жатқан. Биыл алғаш рет бұл жүлде ешкімге берілмейді. 

 

Сондай-ақ...