430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран При кезеңдері өтпейтін болды

  • 332
  • UPD: 12:38, 21.07.2020
Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран При кезеңдері өтпейтін болды

Халықаралық конькишілер одағы коронавирус пандемиясына байланысты мәнерлеп сырғанаудан 2020-2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы барлық Гран При кезеңін өткізбейтін болды, деп хабарлады Olympic.kz.

Айта кетерлігі, коронавирус індетіне байланысты мәнерлеп сырғанаудан 2019/2020 жылғы маусым мерзімінен бұрын аяқталды. Жылдың басты бәсекесі саналған әлем біріншілігі өтпеді. Ол Монреалда 19-22 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған еді.

ISU жарыстардың тоқтатылғанына өкініш білдіріп, мұндай шешім спортшылардың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы