426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰХЛ: үздік ойыншы атағына үміткерлер анықталды

  • 242
  • UPD: 16:03, 21.07.2020
ҰХЛ: үздік ойыншы атағына үміткерлер анықталды championat.com

ҰХЛ 2019/20 тұрақты маусымынан кейін бірқатар жеке марапатқа үміткерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Тукка Раск (Бостон), Коннор Хеллебике (Виннипег) және Андрей Василевский (Тампа шығанағы) үздік қақпашы (Везина Трофи) атағына таласады.

Роман Йосси (Нэшвилл), Джон Карлсон (Вашингтон) және Виктор Хедман (Хедман) «Норрис Трофиден» (үздік қорғаушыға беріледі) үміткерлер қатарында.

Патрис Бергерон (Бостон), Райан О'Райли (Сент-Луис) және Шон Коутури (Филадельфия) үздік қорғаныс шабуылшысы (Селке трофейі) атағына үміткерлер саналады.

Еске  сала кетейік, ҰХЛ коронавирустың әсерінен наурыз айында тоқтатылған тұрақты маусымды аяқтаған жоқ. Маусым 1 тамызда плей-офф кезеңінен басталады.

Хабар 24 телеарнасы