425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ливерпуль» «Валенсия» футболшысына көз тікті

  • 476
«Ливерпуль» «Валенсия» футболшысына көз тікті prosports.kz

Daily Mirror басылымының хабарлауынша, «Ливерпуль» Испанияның «Валенсиясының» жартылай қорғаушысы Ферран Торресті қатарына қосқысы келеді.

«Қызылдар» Торрес үшін 100 миллион еуро бөлуге дайын, бұл сома ойыншының келісімшартында өтемақы ретінде көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, «Реал», «Боруссия» Дортмунд және ПСЖ клубтары да Торреске қызығып отыр.

Биылғы маусымда 20 жастағы ойыншы Ла-Лигадағы 34 матчта 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Хабар 24 телеарнасы