426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Криштиану Роналду рекорд жаңартты

  • 296
Криштиану Роналду рекорд жаңартты Sports.ru

Италия А сериясының 34-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Лационы» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында екі гол соққан «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты.

«Лациоға» қарсы ойында Роналду Италия чемпиионатында соққан голдар санын 51-ге жеткізді (биылғы маусымда 30 гол). Осылайша португалиялық футболшы Англия Премьер лигасында, Испания Ла лигасында және Италия А сериясында 50 немесе одан да көп (50+) гол соққан алғашқы ойыншы атанды. 

Бірақ үш ірі чемпинатта 50-ден көп гол соққан ойыншы жалғыз Роналду емес. Бұған дейін босниялық шабуылшы Эдин Джеко Германия Бундеслигасында, Англия Премьер лигасында және Италия А сериясында 50+ гол соққан.

Хабар 24 телеарнасы