426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Австрияда жаттығады

  • 594
  • UPD: 23:46, 22.07.2020
Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Австрияда жаттығады

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталатын болса, тамыз айныда қазақстандық үстел теннисі шеберлері Австрияда біліктілігін арттырады, деп жазады Olympic.kz.

Атап айтсақ, Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент) мен Ескендік Харки (Жамбыл облысы) Баден қаласына аттанады деп күтілуде.

Үстел теннисінен «Badener АС» клубы 1924 жылы негізі қаланған ескі мектептердің бірі саналады. Аталған клубтан көптеген әлем чемпиондары түлеп ұшқан. Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко да сол командада өскен болатын. Тағы бір спортшымыз Айдос Кенжеғұлов австриялық клубта екі жылын өткізді. Енді Дмитрий Левенко тағы екі жас теннисшінің біліктілігін арттыруға ден қоймақшы.

Хабар 24 телеарнасы