424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келісімге келді: Головкин мен «Канело» жекпе-жекке шығады

  • 738
  • UPD: 15:25, 23.07.2020
Келісімге келді: Головкин мен «Канело» жекпе-жекке шығады

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге келісті.

Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады, деп жазды vesti.kz.

Мәлімет бойынша, боксшылардың командасы бірнеше ай бұрын келісімге келген. Ал жекпе-жектің өзі 2021 жылға белгіленіп отыр. 

Сондай-ақ трилогия үшін «Канело» 45 миллион доллар, ал Головкин 30 миллион доллар алатыны белгілі болды.

Оған дейін боксшылар бір-бір жекпе-жектен өткізеді. Осылайша, Головкин қазан немесе қарашада польшалық Камил Шереметамен, ал «Канело» 12 қыркүйекте британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасады. 

Хабар 24 телеарнасы