423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдегі ең қымбат футболшы ауыр жараланды

  • 265
  • UPD: 22:44, 25.07.2020
Әлемдегі ең қымбат футболшы ауыр жараланды

2019-2020 жылғы маусымдағы Франция кубогінің финалы. ПСЖ мен «Сент-Этьен» командалары арасында өткен кездесуде Франция құрамасы мен әлемнің ең қымбат футболшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақат алды.

Ойынның жиырма алтыншы минутында «Сент-Этьен» командасының капитаны Лоик Перрин Мбаппеге қарсы ойын ережесін бұзды.

Сөйтіп, 21 жастағы Килиан ауыр жараланды. Ал Перрин болса алаңнан қуылды. Мбаппе кездесуді ары қарай жалғастыра алмағандықтан алаңнан кетті.

Айта кетейік, бұл кездесуде «Пари Сен-Жермен» командасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Франция кубогін он үшінші рет иеленді. Кездесудегі жалғыз голды 14 минутта Неймар соқты.

Мбаппенің жарақаты клуб басшыларын қатты алаңдатып отыр. Себебі ПСЖ тамыздың басында Чемпиондар лигасында «Аталанта» командасымен кездесуі керек.

Еске сала кетсек, Франция құрамасының намысын қорғайтын шабуылшы әлемнің ең қымбат футболшысы.

KPMG Football Benchmark мәліметінше, Мбаппенің трансферлік құны 225 миллион еуро екен.

Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы