431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұл жеңісті «Ювентустың» жанкүйерлеріне арнаймыз – Роналду

  • 242
  • UPD: 15:43, 27.07.2020
Бұл жеңісті «Ювентустың» жанкүйерлеріне арнаймыз – Роналду

Криштиану Роналду «Ювентусты» чемпион қылды. Италия чемпионаты аяқталмай жатып туриндік клуб жеңімпаз атанды. Ал португалиялық шабуылшы кәсіпқой мансабындағы 735-голын соғып, тарихи рекордтты жаңартуға бір табан жақындай түсті.

«Ювентус» негізі өткен турда чемпион болуы керек еді. Алайда сырт алаңда «Удинезеге» шамасы жетпеді. Ал бұл жолы өз алаңында «Сампдорияны» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алдымен Криштиану Роналду Миралем Пияничтің ғаламат пасынан есеп ашты. Кейін екінші таймда Бернардески есепті еселеді. Ал матчтың 90-минутында төреші пенальти белгілеп, Роналду оны голға айналдыра алмады. 

Бұл Роналдудың биылғы маусымда 11 метрлік айып добын бірінші рет сәтсіз орындауы. Соған қарамастан тарихи рекордты жаңартуға шақ қалды. Португалиялық шабуылшының еншісінде 735 гол бар. Ал ең жоғары көрсеткіш Пеледе. Ол 32 голға артық соққан. 

«Иә, Италия чемпионы атандық! Бұл жеңісті командамыздың жанкүйерлеріне арнаймыз. Әсіресе пандемиядан зардап шеккендердің көңілін бір серпілтіп тастадық деген үміттеміз». 

Криштиану Роналдудың жағдайы біз ойлағандай мәз де емес. Әсіресе бас бапкер Маурицио Сарримен арадағы дау күннен күнге ушығып келеді. Жаттықтырушы «бәрін күрделендіріп, дұрыс стратегия құрмайды» деп сынайды көпшілік. Оны ойын соңындағы баспасөз мәслихантында Сарридің өзі де мойындағандай болды. 

Маурицио Сарри, «Ювентус» клубының бас бапкері:

- Мен ешқашан ештеңе ұтқан жоқпын. Кездесуден кейін футболшыларды құттықтап, барлығы өз еңбектеріңіз дедім. Әрине кеудені қуаныш кернейді. Өйткені «Ювентус» қазір еуропа футболының ең биігіне шықты. Мен үшін одан асқан арман жоқ. 

Италия чемпионатының аяқталуына 2 тур қалды. Ал турнир тізімінің топ басындағы «Ювентус» пен «Интер» арасын 7 ұпай бөліп тұр. Сондықтан туриндік клубты өз тарихындағы 9-жеңісімен құттықтай беруге болады. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Биржан Валиев

Хабар 24 телеарнасы