423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингке ілікті

  • 1057
Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингке ілікті Prosports.kz

Қазақстандық Бек Нұрмағамбет кәсіпқой боксшылар рейтингіне ілікті.

22 жастағы жерлесіміз жуырда ғана отандық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған еді. Ал кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі күні кеше Минск қаласында өтті. Бек Нұрмағамбет венгриялық Тамас Ласкимкен жолығып, алғашқы раунда-ақ нокаутпен ұтты.

Айта кету керек, қарсыласы  бұған дейін кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жеткен. Осының арқасында қазақстандық боксшы өз салмағындағы әлемдік рейтингтің 651-сатысына жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, Бек әуесқой бокста да ұлттық құрамада болып, біраз жетістікке жетті. Тіпті 2019 жылы Азия чемпионы атанған еді.

Бек Нұрмағамбет, кәсіпқой боксшы:

– Бірінші жекпе-жегім ойдағыдай өтті. Оған жақсылап дайындалдық. Енді кеңінен етек жайған індетті жеңіп, осындай үлкен шоуларды ұйымдастыру бізге де бұйырсын.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Беларусь астанасында атой салғанын хабарлағанбыз. Айдос Ербосынұлы чемпиондық белдіктерін сәтті қорғады.

Хабар 24 телеарнасы