428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

  • 876
  • UPD: 16:58, 28.07.2020
Батыр Жүкембаев АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев(18-0, 14 КО) АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады vesti.kz.

Боксшының менеджерінің айтуынша, ол қыркүйек айында шаршы алаңға оралады.

«Тамыз айының басында Мәскеуге жаттығу жасау үшін жол жүремін. Ол жерде жеке бапкеріммен дайындық өткіземіз. Қыркүйекте АҚШ жерінде айтулы айқас өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір промоутерім осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Дәл қазір қай боксшыға қарсы шығатынымды білмеймін. Бірақ қарсыласым мықтылардың қатарынан болады. Қазіргі таңда мен жартылай орта салмақта әлемнің үздік 15 боксшысының қатарындамын. Чемпиондық белбеуге жету үшін бірер қадам қалды. Өз деңгейімді көрсеткім келеді», - деп жазды Жүкембаев. 

Хабар 24 телеарнасы