429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Нурмагомедов қазан айында жекпе-жекке шығады

  • 319
Хабиб Нурмагомедов қазан айында жекпе-жекке шығады

Хабиб Нурмагомедов қазан айында октагонға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін бірде бір жеңіліс көрмеген аралас жекпе-жек шебері америкалық Джастин Гэтжимен жолығады. Бұл жөнінде UFC ұйымы ресми түрде мәлімдеді. Тіпті жарнамасын жарыса жариялар та жатыр. Қос спортшы 24 қазанда өзара мықтыны анықтайды. Ал жекпе-жектің қай жерде өтетіні әзірге белгісіз. Айта кетейік, Хабиб пен Джастин арасындағы айқас 19 қыркүйекте өтуі керек еді. Бірақ дағыстандық спортшы әкесінің қайтыс болуына байланысты одан бас тартты. Нурмагомедов – қазір жеңіл салмақтағы чемпиондық белдік иегері. Ол бүгінге дейін 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Гэтжи 24 жекпе-жектің 22-сінде басым түскен.

Хабар 24 телеарнасы