420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда тыныс алу гимнастикасы бойынша дәрістер өткізіле бастады

  • 240
Нұр-Сұлтанда тыныс алу гимнастикасы бойынша дәрістер өткізіле бастады

Тыныс алу гимнастикасы. Елордада жаттығудың дәл осы түрі бойынша онлайн дәрістер өткізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені тыныс алу гимнастикасының коронавирус пен пневмонияға қарсы күресте орны ерекше. Яғни қауіпті індеттің алын алу не аурудан соң қалыпқа келу сияқты мәселелерде шешуші роль атқарады. Осыған байланысты елордадағы спортқа жауапты басқарма ерекше бастаманы қолға алды. Яғни йога, фитнес, кунг-фу сияқты тыныс алу гимнастикасы негізі саналатын спорт түрлерінің өкілдерін жинап, арнайы әдістеме жасады. Оған білікті дәрігерлер өз бағасын берді. Сөйтіп жаңа жоба, яғни қарапайым және түсінікті үлгідегі дәрістер енді онлайн форматта көпшілікке ұсынылып жатыр. Елордалық мамандар аптасына екі рет тікелей эфирге шығып, оны жан-жақты таныстырады және оны тек бас қаламызда ғана емес, еліміздің кез келген бұрышындағы адамдар қолдана алады.

Хабар 24 телеарнасы