429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымын Ресейде бастайды

  • 393
  • UPD: 19:57, 29.07.2020
«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымын Ресейде бастайды Sports.kz

«Барыс» Құрлықтың хоккей лигасының жаңа маусымын Ресейде бастайды.

Бұл туралы лиганың президенті Алексей Морозов айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

«Біз күнтізбені командалардың жағдайына байланысты жасаймыз. Шетелдік командалар жоспар бойынша сырт алаңда, яғни Ресейде бастайды. Егер олардың елінде қиындық болса, осында қалуларына да болады. ҚХЛ талаптарына сай келетін ареналары бар аймақтар жеткілікті. Осы ареналар командаларды қабылдауға дайын. Айдынды ресми кездесулерге дайындауға да ұзақ уақыт кетпейді.

Біз барлық клубтардың басшыларымен байланыстамыз. Қазақстанда жағдай тұрақталып келеді. Бірақ әлі нақты емес. Егер «Барыс» қаласа, маусымды Ресейде бастайды», – деді президент.

Айта кетейік, ҚХЛ жаңа маусымы 2 қыркүйек басталады. Бірақ «Барыс» әлі дайындық жұмыстарына кіріспеді.

Хабар 24 телеарнасы