429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BWF бадминтоннан бірнеше құрлықтық біріншіліктің өткізілмейтінін мәлімдеді

  • 156
  • UPD: 14:27, 31.07.2020
BWF бадминтоннан бірнеше құрлықтық біріншіліктің өткізілмейтінін мәлімдеді Outlook India

Бүкіләлемдік бадминтон федерациясы Азия құрлықтық 4 ірі жарыстың өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұйымдастыру комитетімен ақылдаса келе BWF Тайбэйдегі ашық чемпионатты, Корея, Қытай және Жапонияда жоспарланған бірнеше ашық чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдаған.

Айта кетерлігі, Тайбэйдегі дода – 1-6 қыркүйек күндері, ал Оңтүстік Кореяның Инчхонындағы бәсеке – 8-13 қыркүйекте, ал Қытайдың Чанчжоуында – 15-20 қыркүйекте, Жапония астанасы Токиода 22-27 қыркүйек күндері өтуі тиіс еді.

Хабар 24 телеарнасы