428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ Франциядағы кезекті жүлдесіне қол жеткізді

  • 195
ПСЖ Франциядағы кезекті жүлдесіне қол жеткізді prosports

Бүгін түнде «Пари Сент-Жермен» мен «Лион» арасындағы Франция лигасының соңғы кубогының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команда да ойынның негізгі уақытында да, қосымша уақытта да есеп ашпады. Жеңімпаз команданы пенальти сериясы анықтап берді. «Лион» сапынан 11 метрді Бертран Траоре сәтсіз орындады.

ПСЖ бұл жүлдені 9-шы мәрте жеңіп алды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл Франция лигасының соңғы кубогы болды. Франция футбол билігі жарысты алып тастау туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы