426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды

  • 212
  • UPD: 17:40, 01.08.2020
Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды фото: inform.kz

Павлодарда жаңа футбол клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда «Ертіс» футбол клубы жабылғаннан кейін жаңа «Павлодар» футбол клубы құрылды. Клубтың штаты әлі жасақталған жоқ. Бірақ жаңа клубтың алдында 2021 жылы Екінші Лигада алғашқы ойынын өткізу, ал 2023 жылы Премьер-лигада ойнау секілді үлкен міндеттер тұр.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартқаны және оның қарызының көп екенін жаздық.

Хабар 24 телеарнасы