418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды

  • 312
  • UPD: 15:37, 02.08.2020
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады.

«Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ерi, «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы