418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу басталады

  • 95
  • UPD: 16:30, 02.08.2020
Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу басталады Prosports.kz

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап марафон мен спорттық жүрістен Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері қайта басталады. Бұл туралы World Athletics ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz.

1 қыркүйектен бастап аталған спорт түрінің өкілдері Олимпиада жолдамасына таласты бастайды. Әлемдік ұйымның бұл шешімді қабылдауына қазіргі ахуал түрткі болып отыр. Спортшылар ресми жарыстардың жоқтығынан норматив орындаудың қиындығын алға тартып отыр.

«Әйгілі марафондардың басым бөлігі күзге ауыстырылып, кейбірі мүлде өтпейтін болды. Пандемияның өршуі көпшілік жарыстың тағдырын шешіп тастады. Осының бәрін ескере келе, бұл шешімді қабылдадық», - дейді World Athletics басшысы Себастьян Коэ.

Хабар 24 телеарнасы