418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англия кубогының финалын сегіз млн адам тамашалаған

  • 122
Англия кубогының финалын сегіз млн адам тамашалаған Prosports.kz

«Арсенал» Англия кубогының финалында «Челсиді» 2:1 есебімен жеңді.

Ұлыбританиядағы бұл кездесу BBC арнасынан ақысыз көрсетілді, матч көрермендер саны бойынша 2019/20 маусымында көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гарри Линекер Twitter-дегі парақшасында ойынды жалпы 8,2 миллион адам тамашалады деп жазды. Теледидарды қосқандардың жартысына жуығы (46,1%) матч көрген. 

2019/20 маусымдағы көрермендер саны бойынша екінші орынды «Манчестер Юнайтед» және «Челси» арасындағы (7,3 млн.) Англия кубогының жартылай финалдық матчы алса, үшінші орынға - «Челси» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын (6,8 млн.) жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы