426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионы атанды

  • 213
  • UPD: 09:43, 03.08.2020
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионы атанды facebook.com

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхат» командасы Бельгияның бірінші дивизионының чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

«Беерсхот» жауапты кездесуде «Левен» командасын 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Вороговский болса алаңға 63-минутта шықты.

Айта кетейік, бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Екі кездесуден тұрған бұл ойында негізі Бельгияның жоғары дивизионына шығатын бір ғана команда анықталуы керек еді. Бірақ чемпионаттағы командалар санының өсуіне байланысты екі команда да Бельгияның жоғарғы дивизионына жолдама алды.

23 жастағы Вороговский «Беерсхот» сапына 2019 жылы «Қайраттан» ауысып барды. Ол биыл 19 кездесуге қатысып, бір гол соқты. Сәуір айында қорғаушы командасымен тағы бір жылға келісімшартын ұзартты.

Хабар 24 телеарнасы