420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия чемпионаты аяқталды

  • 418
  • UPD: 16:53, 03.08.2020
Италия чемпионаты аяқталды

Италия А сериясының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазды Prosports.kz.

Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін Еуропадағы үздік чемпионаттардың арасында ең кеш (20 маусымда) қайта жалғасқан Италия чемпионаты 3 тамызда аяқталды. 

Осымен 118-рет өткен біріншілікте «Ювентус» футбол клубы топ жарды. Туриндік клуб қатырынан тоғызыншы жыл ел чемпионы атанып отыр. Биыл 38 ойында 83 ұпай жинап, 76 гол соқты. Екінші орын алған миландық «Интерден» 1 ұпай ғана озды. 

А сериясының қорытындысына сәйкес Чемпиондар лигасына «Ювентустан» бөлек «Интер» (81 ұпай), «Аталанта» (78 ұпай, 98 гол соқты) және «Лацио» (78) командалары қатысады.

«Рома» (70 ұпай) мен «Наполи» (62 ұпай. Италия кубогының иегері) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алды. Ал 6-орын алған «Милан» (66 ұпай) Еуропа лигасының іріктеуіне қатысады.

Көш соңында қалған «Лечче» (35 ұпай), «Брешия» (25) және «СПАЛ» (20) төменгі лигаға түсіп қалды. 

Үздік сұрмерген атағы «Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобилеге бұйырды. Италиялық ойыншы осы маусымда 37 матчқа қатысып, 36 гол соқты. 

Ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын «Аталантаның» жартылай қорғаушысы Алехандро Гомес иеленді. Аргентиналық ойыншы биыл 16 ассистент жасады.

Ең көп құрғақ ойын өткізген қақпашы - Самир Ханданович «Манчестер Сити», Хуан Муссо «Удинезе». Қос қақпашы да 13 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ.

Ең көп жанкүйер жиналған ойын: «Интер» – «Ювентус», 1:2 (75 923 адам).

Хабар 24 телеарнасы