428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық боксшы Деревянченконы нокаутқа түсіруге уәде берді

  • 392
  • UPD: 11:53, 04.08.2020
Америкалық боксшы Деревянченконы нокаутқа түсіруге уәде берді

Орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы өткізетін кездесуге қатысты ойымен бөлісті, деп жазды prosports.kz.

Оның айтуынша, ол 26 қыркүйек күні Аскасвиллдегі Mohegan Sun Casino шаршы алаңында тең жеңіп ғана қоймай, қарсыласын нокаутқа түсіру үшін шығады екен.

«26 қыркүйек күні жақсы дайындықпен шығамын. Бұл бұрынғы кездесулерге қарағанда басқаша айқас болады. Мен бұрынғы жекпе-жектеріме қарағанда басқаша жұдырықтасамын. Кездесу қай раундта аяқталады? Әзірше сіздер осы туралы ойлана жүріңіздер», - деді.

Хабар 24 телеарнасы