430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан әлемнің үздік бапкері анықталды

  • 340
  • UPD: 19:35, 04.08.2020
Футболдан әлемнің үздік бапкері анықталды ESPN

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан L’Équipe басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанды.

Бұл жағдайға байланысты басылым бүгінгі санының бірінші бетін түгел осы бапкерге арнады, деп жазады vesti.kz.

Зидан рейтингте «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп пен МС тізгінін ұстап жүрген Пеп Гвардиоладан озып кеткен.

Француз маманы «Реал» командасын 2016 және 2018 жылдары басқарып, Испания біріншілігін, Испания суперкубогін және үш рет Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогін, сондай-ақ клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы