428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жан Кособуцкий польшалық боксшыны жеңді

  • 276
  • UPD: 09:14, 05.08.2020
Жан Кособуцкий польшалық боксшыны жеңді

Минск қаласында бокстан «Kоld Wars» халықаралық турнирі өтті, деп жазды Prosports.kz.

Кеш аясында ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (13-0-0) шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз польшалық Камиль Соколовскийге (9-17-2) қарсы жекпе-жекте IBO Inter-Continental белбеуін сәтті қорғады. Он раундқа жоспарланған кездесу соңғы раундтың бел ортасынан ауғанда аяқталды. Польша боксшысы Жанның ауыр соққысынан кейін белгілінген мерзімде орнынан тұра алған жоқ.

Осылайша, Кособуцкий кәсіпқой бокстағы 14-жеңісіне қол жеткізді. Ал қарсыласы 18-рет жеңіліске ұшырады.

Хабар 24 телеарнасы