426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері жаттығу жиынын бастады

  • 233
  • UPD: 09:53, 05.08.2020
«Барыс» хоккейшілері жаттығу жиынын бастады

Карантин режимі ұзартылғанына қарамастан қазақстандық хоккейшілер оқу-жаттығу жиынын бастады. Елордалық «Барыс» командасының өкілдері қазір қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Бұл жөнінде клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Фотолардан Юрий Михаилисті байқауға болады. 51 жастағы отандық маман жуырда ғана бас бапкер атанған болатын. Ал «Барыс» оқу-жаттығу жиынын шілденің ортасына қарай жоспарлаған еді. Қалыптасқан жағдайға байланысты оның уақытын бірнеше мәрте кейінге шегерді. Ал елордалық клуб өнер көрсететін Құрлықтық хоккей лигасы 2 қыркүйекте алғашқы матчтарын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы