428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джон Терри ағылшын клубының тізгінін ұстауы мүмкін

  • 165
  • UPD: 16:41, 05.08.2020
Джон Терри ағылшын клубының тізгінін ұстауы мүмкін prosports.kz

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы, қазір «Астон Виллада» бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып жүрген Джон Терри команда ауыстыруы мүмкін.

39 жастағы маман жақын уақытта «Борнмуттың» тізгінін ұстауы мүмкін. Клуб басшылығы Джон Терриден бөлек Крис Хьютон («Ньюкасл» мен «Норвич») және Ли Джонсонның («Бристоль Сити», «Барнсли») кандитатурасын қарастырып отыр, деп хабарлайды prosports.kz.

«Борнмуттың» бұрынғы бас бапкері Эдди Хау команда ағылшын Премьер-лигасынан ұшып кеткен соң қызметінен кетті.

Хабар 24 телеарнасы