432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» жарысты жалғастырады

  • 272
  • UPD: 12:29, 06.08.2020
Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» жарысты жалғастырады

Кәрі құрлықта аладоп аламаны қыза түсті.

Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында ширек финалдың жолдамалары сарапқа салынған болатын. Оның біріне англиялық «Манчестер Юнайтед» пен австриялық «Ласк» клубтары таласты. Манчестер қаласында өткен матчта қонақтар есеп ашқан. Бірақ алаң иелері кездесу соңына дейін қарымды 2 гол соқты. Осылайша, «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының ширек финалында өнер көрсетеді.

Тағы бір жолдаманы италиялық «Интер» мен испаниялық «Хетафе» таласқа салды. Матч бейтарап алаңда, яғни, Германияда өткен еді. Нәтижесінде миландық клуб ойыншылары жапуапсыз 2 гол соқты. Осылайша, «Интер» Еуропа лигасы аясындағы жарысты жалғастырады және, айта кету керек, олар осымен қатарынан 9 кездесуді жеңіспен аяқтап отыр. Ал, испаниялық клуб үшін жарыс осымен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы