429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайрат» Еркебұлан Сейдахметті жалға берді

  • 388
  • UPD: 15:19, 06.08.2020
«Қайрат» Еркебұлан Сейдахметті жалға берді Zakon.kz

«Қайраттың» жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Жетісу» сапына ауысты, деп хабарлайды vesti.kz Алматы клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

20 жастағы Сейдахмет «Жетісуде» жалда ойнайтын болады. Ол жаңа клубта жыл соңына дейін өнер көрсетеді. 

«Көбірек тәжірибе жинау үшін өзі басқа командаға ауысу туралы ниет білдірді. Клуб қарсы болған жоқ.  

«Қайрат» Еркебұланға «Жетісу» сапында жақсы ойнап, жетістікке жетуін тілейді», – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Сейдахмет «Қайрат» сапына 2019 жылы ауысып келді. Биыл ол Алматы клубының сапында 12 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Хабар 24 телеарнасы