423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Азияда теңдесі жоқ спорт кешені тұрғызылып жатыр

  • 819
Шымкентте Азияда теңдесі жоқ спорт кешені тұрғызылып жатыр

Шымкентте Азияда теңдесі жоқ ең ірі ату спортының кешені бой көтеруде. Онда тек ұлттық құраманың спортшылары емес, шетелдік мергендер де жаттыға алады. Бұл орталықта тіпті әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік бар.

Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мәлімдеді. Қаладағы мергендер алаңы алдағы уақыт жаңа кейіпке енеді. Спорт кешенінде қазір  құрылыс қарқынды. Онда бірнеше спорт зал, ату залы және демалыс орны болады. «Шут ин плаза» деп аталатын кешеннің аумағы 14 гектар. Жоба құны 1,5 млн доллар. Сәтін салса, нысан қазан айында қолданысқа беріледі. Әзірге стендтік оқ ату бұрышының құрылысы аяқталды. Спорт басқармасы 4 жылға жоспар дайындапты. Онда аула спортын дамыту жайы басты назарға алынған. 

Олег Почивалов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бұл спорт кешенінде бастырма жоқ. Жоғарыдан, жан-жақтан еш қиындықсыз видео түсіру үшін осылай жасадық. Барлығы да халықаралық федерация талаптарына шақталған. Сондай-ақ, алаң толықтай австриялық технологиямсен жабдықталған. Онлайн трансляция арқылы спортшылар нәтижесін, жаттықтырушылар келіспейтін тұстарын шешеміз.

Хабар 24 телеарнасы