423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» командасының шабандозы топ жарды

  • 220
  • UPD: 11:32, 07.08.2020
«Астана» командасының шабандозы топ жарды

Карантиннің ұзартылуына байланысты біздің елде спорттық жарыстар өтіп жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кәрі құрлықта байрақты бәсекелер қыза түсті. Тіпті, оған қазақстандық клуб өкілдері қатысып, топ жарып үлгерді.

«Астана» командасы халықаралық жарыста топ жарды.  Ең үздік шабандоздардың басын қосқан велодода Францияда өткен еді және оның ұзындығы 182 шақырымды құрады. Осы аралықта спортшылар таулы-қыратты жерлерді, тіпті, 4000 мың метр биіктікті де бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық клуб сапындағы Александр Власов мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның көрсеткіші 56 минут 39 секунд.

Одан кейін австралиялық және франциялық шадандоздар жетті. Айта кетейік, 24 жастағы Власов «Астана» сапына биыл ғана қосылды. Бұған дейін ресейлік команда қатарында болды. Ал, «Астана» клубы карантиннен кейін, яғни, маусым қайта жаңғырғаннан кейін осымен екінші мәрте халықаралық жарыста жеңіске жетіп отыр. 

Бас бапкер пікір білдірді

Ұлттық құрамадағы жігіттердің жаппай кәсіпқой боксқа ауысуы жақсы құбылыс емес. Өйткені оның бақыты бөлек. Бұл жөнінде Ғалымбек Кенжебаев мәлімдеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Қамшыбек Қоңқабаевтың шешіміне қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша аса ауыр салмақтағы жерлесіміз кәсіпқой бокста бір ғана жекпе-жек өткізеді және ол тәжірибе жинау үшін. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты қазір әуесқой бокстағы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар тоқтап тұр. Сондықтан, Қамшыбекке осыдай мүмкіндік берілген. Одан кейін ол ұлттық құрамаға оралып, олимпиадаға дайындалады. Бұның бәрін жіті бақылауда ұстаймыз дейді бапер. Айта кетйік, биылдың өзінде ел намысын қорғап жүрген біраз боксшы кәсіпқой бағытқа ауысты. Оның ішінде әлем чемпионатының жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет, Азия чемпионы Бек Нқрмағамбет және жасөспірімдер тарасындағы олимпиаданың жүлдегері Талғат Шайкен бар.

Еуропа лигасының іріктеу кезеңі

Ал футболдан Еуропа лигасының ширек финалынна шыққан барлық команда белгілі болды. Күні кеше тізімге «Манчестер Юнайтед» пен  «Интер» қосылғанын айтқан ек. Енді оны «Севилья» мен «Байер»  толықтырды. Испаниялық клуб өз алаңында «Рома» аяқдопшыларын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 21-ші минутта Серхио Регилон, 44-ші минутта Юссеф эн-Несери мергендігімен көзге түсті. Ал, «Байер» өз алаңында «Рейнджерс» командасын ұтты. Қорытынды есеп: 1:0. Жалғыз голдың авторы Мусса Диаби. Енді ширек финалға шыққандар 10-шы және 11-ші тамызда өзара мқытыны анықтайды. Барлық матч Гермианияда өтеді.

 

Хабар 24 телеарнасы